Жалпы мәліметтер
- Ұйымның толық атауы: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Ахмет Бірімжанов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
- Заңды мәртебесі: мектеп
- Меншік нысаны: мемлекеттік ұйым
- Құрылған жылы: 1959 ж.
Геолокация және байланыс деректері
- Нақты пошталық мекенжайы: индекс 110000, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 5
- Ресми веб-сайты: https://osh-birimzhanov.edu.kz/
- Байланыс деректері: 87142396501, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Атаулы мәртебесі
- Білім беру ұйымына берілген көрнекті тұлғаның аты-жөні: Ахмет Бірімжанов
-
Тұлға туралы қысқаша өмірбаяндық мәлімет:
Ахмет Қорғанбекұлы Бірімжанов (1871–1927) — көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, заңгер, Алаш қозғалысының негізін қалаушылардың бірі және Алашорда үкіметінің мүшесі.
Туған жері: Торғай уезі, Тосын болысы (қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы).
Тегі: Атақты Шақшақ Жәнібек батыр мен Шеген бидің тікелей ұрпағы. Анасы Ханша — Наурызбай бидің қызы, ал әжесі — Ыбырай Алтынсариннің анасы Айманмен туыс болған.
Оқуы: Орынбор ерлер гимназиясын (1891) күміс медальмен, Қазан университетінің заң факультетін (1895) «Алтын медальмен» бітірген. Ол сол замандағы ең жоғары білімді қазақ зиялыларының бірі болды.
Саяси қызметі: Мемлекеттік Дума: Ресейдің І және ІІ Мемлекеттік Думасына Торғай облысынан депутат болып сайланған. Думада мұсылман фракциясы төрағасының орынбасары болып, қазақ жерлерінің тартып алынуына қарсы мәселелер көтерді.
Алаш қозғалысы: 1917 жылы «Алаш» партиясын құруға атсалысты. Екінші жалпықазақ съезінде «Алашорда үкіметінің (Ұлт Кеңесінің) мүшесі» және кейіннен оның Әділет министрі болып сайланды.
Комиссарлық қызмет: Уақытша үкімет тұсында Торғай және Қостанай уездерінің комиссары қызметін атқарды. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін де заң саласындағы біліктілігін ел игілігіне жұмсады:- Қазақ АКСР-нің Заң халық комиссариатында алқа мүшесі болды.
- Қазақстанның Жоғарғы сотының мүшесі ретінде қызмет етті.
- Қазақ заңнамасының негізін қалауға, заң терминдерін қалыптастыруға үлес қосты.
- Атау беру туралы растайтын құжаттар: Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімі № 491 22.11.2023 ж. хаттамасы
- Атау берілген күні: 03.01.2024 ж.
Тарихи анықтама
- 1959 ж. Мектептің ашылған жылы. №538 орта мектебі болып ашылды. Мектеп теміржол аумағында тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде пайда болды.
- 1962 ж. Бастауыш сыныптарға арналған мектепке қосымша кабинеттер жалғанып, құрылыс жұмыстары жүргізілді.
- 1977 ж. Целинный темір жолының Қостанай станциясының №115 орта мектебі 18 сәуірдегі №26/ц бұйрығымен мектептің атауы өзгерді.
- 1985 ж. Спортзал, асхана, акт залы, шеберхана кабинеттері салынып, құрылыс жұмыстары жүргізілді.
- 1997 ж. «Қостанай қалалық білім басқармасының №115 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі (қала әкімінің 1997 жылғы 6 ақпандағы №9 бұйрығының шешімімен аты өзгерді).
- 2016–2017 жж. Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аяқталды.
- 2024 ж. Қаңтар айында мектептің атауы өзеріп, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Ахмет Бірімжанов атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аталды.
Жетістіктері мен үздік тәжірибелері
Білім беру жетістіктері:
- Үш жылдық білім беру жетістіктері: «Алтын белгі» иегерлері – 4, «Үздік аттестат» иегерлері – 11
- Грант иегерлері – 47
Олимпиадалар мен байқаулар:
- Атырау қаласында өткен жалпы орта білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында Республикалық "Махамбет оқулары" байқауы – 3-орын
- Астана қаласында өткен 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың "Менің шағын Отаным" атты Республикалық интеллектуалдық конкурсы – 3-орын
- Астана қаласында өткен «Ана тілі» Республикалық зияткерлік қазақ тілі олимпиадасының республикалық кезеңі – 3-орын
- Республикалық "Махамбет оқулары" байқауының облыстық кезеңі "Шашақты найза, шалқар күй" бағыты бойынша – 1-орын
- Жас тарихшылардың "Менің кіші Отаным" атты Республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі "Менің өлкемнің тұлғалары мен батырлары" бағыты бойынша – 1-орын
- Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі, тарих пәні бойынша – 2, 3-орындар
- Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі, орыс тілі және әдебиеті пәні бойынша – 2-орын
- Республикалық “Жарқын болашақ” олимпиадасының облыстық кезеңі – 3-орын
- Облыстық «Ыбырай оқулары» байқауы – 3-орын
- 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі – 2-орын
- Республикалық «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының өңірлік кезеңі – 2-орын
- 7-11 сынып оқушылары арасындағы Мағжан оқулары республикалық конкурсының қалалық кезеңі – 1-орын
- «Өскелең ұрпақтың әлеуеті-Қазақстанның табысты индустриялық-инновациялық дамуының кепілі» атты Т.Е. Дәулетбаев зияткерлік Х ашық өңірлік ғылыми-практикалық конференциясы – 1-орын
- 7-11 сынып оқушыларына арналған «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінде «Бейнелеушілер» бағыты бойынша – 2-орын
- Робот техникасы бойынша облыстық олимпиада – 3-орын
Тәрбие және патриоттық бағыттағы жобалар:
- «Біртұтас тәрбие», «Адал азамат» бағдарламалары.
Облыстық және республикалық бастамаларға қатысуы:
- Бастауыш сынып мұғалімдерінің облыстық семинары «Құндылықтар негізінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбында, 2024 ж.
- «Құндылыққа негізделген білім беру мен тәрбие» тақырыбындағы облыстық семинар, 2024 ж.
- «Мектептегі мектепішілік бақылау» облыстық жобасы аясында «Білім сапасын арттыру: проблемалар мен шешу жолдары» тақырыбында шеберлік сыныбы, 2024 ж.
- «Құндылыққа негізделген білім беру» республикалық жобасы, 2024 ж.
- «Ұлы тұлғалар жолы» облыстық жобасы, 2026 ж.
Мектептің инновациялық тәжірибелері:
- Интерактивті тақталарды, онлайн-платформаларды және электрондық күнделіктерді пайдалану.
- Жобалық оқыту мен сыни тұрғыдан ойлауды енгізу.
- Оқушының қабілеттерін ескере отырып, әр балаға жеке тәсіл.
- XXI ғасыр дағдыларын дамыту: шығармашылық, коммуникация, командалық жұмыс.
- Оқушылардың қалалық, облыстық және халықаралық конкурстар мен бағдарламаларға қатысуы.





