ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР ЖОЛЫ

куәлік гимназия

1. Жалпы мәліметтер

  • Ұйымның толық атауы: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясы» КММ
  • Заңды мәртебесі: гимназия
  • Меншік нысаны: мемлекеттік
  • Құрылған жылы: 1983 ж

2. Геолокация және байланыс деректері

  • Нақты пошталық мекенжайы: Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Маясова көшесі 9/1
  • Ресми веб-сайты: а.baitursynov_; https://gimnazya.edu.kz/
  • Байланыс деректері: 7143072309
  • Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

3. Атаулы мәртебесі

  • Білім беру ұйымына берілген көрнекті тұлғаның аты-жөні: Ахмет Байтұрсынов
  • Тұлға туралы қысқаша өмірбаяндық мәлімет:
    Ахмет Байтұрсынұлы (1872–1937) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. «Алаш» қозғалысының жетекшілері мен белсенді қайраткерлерінің бірі. 1872 жылы 5 қыркүйекте Торғай облысында дүниеге келген.
  • Атау беру туралы растайтын құжаттар: Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлігі №3593-1937-ММ
  • Атау берілген күні: 14.01.2003жыл

4. Тарихи анықтама

  • Ұйымның құрылу және даму тарихы, қалыптасу кезеңдері:
    Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясы» КММ –ның негізі 1983 жылы қаланды. 1983-1990 жылдар аралығында «Балауса» балабақшасы атауымен қызмет жасады. Булина Раиса Александровна директор болып тағайындалды.

    1990 жылы «Балауса» балабақшасына Абдуллина Кульшат Умурзаковна директор болып тағайындалды. 1994 жыл, 27 қыркүйек «Балауса» мектеп – балабақша эксперименталдық кешеніне білім беру қызметін растайтын лицензиясы берілді. 1997 жыл, 28 мамыр «Балауса» мектеп – балабақша эксперименталды кешеніне «мектепке дейінгі прогимназиялық топтары бар бастауыш гимназия» мәртебесі берілді.

    1998 - 2012 жылдар аралығында Бабир Светлана Леонидовна директор болып қызмет атқарды. 2000 жылы «Прогимназиялық топтары бар бастауыш гимназиясы» жаңа ғимаратқа Маясова 9/1 мекен-жайына көшірілді. 2003 жылы 14 қаңтарда «А.Байтұрсынов атындағы толық ұзартылған күн тобымен жұмыс жасайтын бастауыш гимназия» ММ заңды тұлға ретінде мемлекеттік қайта тіркеуден өтті. 2009 жылы 17 тамызда «Арқалық қаласы білім бөлімінің А.Байтұрсынов атындағы толық ұзартылған күн тобымен жұмыс жасайтын жалпы білім беретін бастауыш гимназия» ММ деп аталынды.

    2012-2022 жылдар аралығында Пепенжи Раушан Едигеевна директор болып қызмет атқарды.

    2022 жыл, 29 шілде Иманкулов Нурлыбек Елдосович басшылыққа тағайындалды.

    Қазіргі таңда аталған мекемеде 50 педагог қызмет атқарып, сапалы білім мен саналы тәрбие беруде. Сондай-ақ 589 білімалушылар мен тәрбиеленушілер заман талабына сай қолайлы ортада білім нәрімен сусындауда.
  • Өңірдің білім беру және тәрбие кеңістігіндегі үлесі: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясы» КММ Арқалық қаласының білім саласының дамуына өзіндік үлесін қосып келеді. Тәжірибелі педагогтердің тәжірибе тарату жұмыстары қала деңгейінде қолданыста. Арқалық қаласының білім беру мекемелері бойынша Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясы» КММ білім сапасы 81% құрайды. Тәрбие бағыты бойынша ұлттық құндылықтарды дәріптеу басты мақсатқа қойылған. Арқалық қаласының қосымша білім беру мекемелерімен тығыз байланыста «Домбыра», «Отбасы», «Өлкетану», «Дәстүрлі әнші» үйірмелері жұмыс жасайды.

5. Жетістіктері мен үздік тәжірибелері

  • Білім беру жетістіктері: 2024 жыл, 2-4 сынып оқушыларына арналған Республикалық «Бастау» математикалық турнирінің қалалық кезеңінде І орын; 2024 жыл, 2-4 сынып оқушыларына арналған Республикалық «Бастау» математикалық олимпиадасының облысық кезеңінде ІІІ орын; 2024жыл, «Білім беру ұйымының үздік психологиялық қызметі» облыстық байқау ІІ орын Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Психологиялық қолдаудың өңірлік оқу-әдістемелік орталығы» КММ; 2026 жыл, 2-4 сынып оқушыларына арналған Республикалық «Бастау» математикалық олимпиадасының облысық кезеңінде ІІІ орын;
  • Тәрбие және патриоттық бағыттағы жобалар: 2021-2022 оқу жылынан бастап әр аптаның жұма күні «Ұлттық киім үлгісі» қалалық жобасын қолданысқа енгіздік. Әр оқу жылында «Ұлттық киімдер шеруі» өткізіледі.
  • Облыстық және республикалық бастамаларға қатысуы: «Ұлы тұлғалар жолы» жобасы.2025-2026 оқу жылы.
  • Мектептің инновациялық тәжірибелері: Гимназияда жаңа әдістер мен технологияларды енгізу арқылы білім беру сапасын арттыруға бағытталған іс-әрекеттер жүзеге асады. Нәтижесінде сабақ өткізу процесін жетілдіруге және оқушылардың нәтижесін жоғарылатуға мүмкіндік береді.