ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР ЖОЛЫ

1. Жалпы мәліметтер

  • Ұйымның толық атауы: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
  • Заңды мәртебесі: мектеп
  • Меншік нысаны: мемлекеттік ұйым
  • Құрылған жылы: 1964 ж, тамыз

2. Геолокация және байланыс деректері

  • Нақты пошталық мекенжайы: индекс 110600, Тоқтабаев 1 көшесі
  • Ресми веб-сайты: http://i-altynsarin.edu.kz
  • Байланыс деректері: 87143921339, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., іЭтот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
  • Әлеуметтік желілер: Facebook, Instagram

3. Атаулы мәртебесі

  • Білім беру ұйымына берілген көрнекті тұлғаның аты-жөні: Ыбырай Алтынсарин
  • Тұлға туралы қысқаша өмірбаяндық мәлімет:
    1864 жылы 8 қаңтарда Торғай даласында ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өзі қазақ балаларына арналған мектеп ашқан болатын. 1864 жылы ашылған Ыбырай Алтынсаринің арман еткен мектебі кейін екі кластық орыс-қазақ училищесі, қазақ балаларына арналған қолөнер, ауылшаруашылық мектебі, орыс-қазақ ерлер және қыздарға арналған училище, Торғайдағы әйелдер училищесі, орыс-қазақ бастауыш мектебі, 7 жылдық орталау мектеп болып жұмыс жасап, 1945-1946 оқу жылынан бастап жалпы орта білім беретін қазақ мектебі ретінде жұмысын жалғастырып келеді.

4. Тарихи анықтама

  • Мектеп салынған жылы: 1964 жыл
  • Торғай өңірінде тұңғыш рет қазақ балаларына арналған мектеп болып ашылды;
  • 1864 жылдан бастап Торғайда алғаш ашылған дүниетанымды кеңейтетін, дін мен ғылымды үйлестіретін білім ордасы болды;
  • Қазақ балаларының оқуына жағдай жасап, алғашқы сауат ашуына мүмкіндік берді;
  • Бұл мектептен көптеген білікті ұстаздар түлеп шықты. Олар Жангелдин, Амангелді, Арқалық өңірлерінде білім беру ісін дамытты;
  • Мектеп жергілікті мектептерге үлгі болып, қазақ тілінде білім берудің маңызын көрсетіп, ана тілін дамыту ісінде көшбасшы рөл атқарды;
  • Мектеп педагогикалық тәжірибе мен жаңашыл әдістердің таралу орталығы болды, атап айтқанда, Ыбырай енгізген оқу құралдары, тәрбиелік әдістемелері осы мектеп арқылы өңірге таралды;
  • Бұл мектеп — ұлттық мектеп моделінің алғашқы үлгісі. Ыбырайдың озық педагогикалық ойлары осы шаңырақтан бастау алды;
  • Мектеп діни ғана емес, дүниелік пәндерді де оқыту арқылы жаңа дәуірдің талабына сай ағартушылықты дамытты. Бұл — заманауи білімнің бастамасы болды;
  • Ыбырай мектебі қыз балалардың оқуына жағдай жасау идеясын алғаш көтерген орындардың бірі. Бұл – ұлттық білім жүйесінде инклюзивтілік пен теңдікке ұмтылыстың көрінісі.

Торғайдағы Ыбырай Алтынсарин мектебі — аймақтық деңгейде үлгі, ұлттық деңгейде іргетас болған тарихи-мұралық білім ордасы. Ол тек мектеп емес, қазақ халқының рухани жаңғыруының бастауы, ұлттық сана мен ағартушылықтың бесігі болып қала береді.

5. Жетістіктері мен үздік тәжірибелері

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушылары мен мұғалімдері жыл сайын бірқатар жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Биылғы оқу жылында мектеп облыстағы Ыбырай Алтынсарин мектептерінің қауымдастығына қабылданып, жаңашыл жобаларды жүзеге асырды. Мектеп директоры Айгүл Марқабайқызы аудандық «Директор – мектептің жүрегі» байқауында І орынды иеленіп, облыстық кезеңде де жоғары нәтиже көрсетті. Ұстаздар қауымы – мектеп жетістігінің алтын діңгегі. Әлім Аружан Нұрланқызы, Әуезхан Гүлдәурен Жақанқызы, Хасенова Гүлбану Ермұратқызы, мектеп психологы Жағалбайлина Перизат Шамқалқызы облыстық байқауларда кәсіби шеберліктерін дәлелдесе, Жауынбаева Гүлбаршын Әбдікәрімқызы, Қосқолова Жанар Мұхтарқызы, Раисова Гүлбахыт Қабдғалиевна, Қапар Айгерім Абзалқызы облыстық семинарларда тәжірибе бөлісіп, білім беру ісіне үлес қосты. Қултанов Жеңіс Ғабдулмаликович мұғалімдердің ғылыми жобалар байқауында жүлдегер атанды. Жыл ішінде мектептің 4 оқушысы халықаралық, 22 оқушы республикалық, 101 оқушы облыстық деңгейдегі білім, спорт, өнер байқауларының жеңімпазы атанып, аудан мерейін асқақтатты. Атап айтқанда:

  • Сайлау Нұржан – орыс тілі пәні бойынша «Ауыл» олимпиадасының облыстық кезеңінің жүлдегері. Жетекшісі: Әнуарбек Жансая
  • Сәбитбек Меруерт – жалпы білім беретін пәндер бойынша орыс тілі пәні олимпиадасының облыстық кезеңінің жүлдегері, «Айқанат» олимпиадасының облыстық кезеңінің бірінші орын иегері. Жетекшісі: Нурпейсова Айжан Ахметовна
  • Жалғасбай Қарагөз – жалпы білім беретін пәндер бойынша жаратылыстану пәні бойынша облыстық олимпиаданың жүлдегері, республикалық олимпиада қатысушысы. Жетекшісі: Әмірғалиева Томирис Нығыметқызы
  • Бұқарбай Айару – Республикалық «Махамбет оқулары» байқауының ІІІ жүлдегері. Жетекшісі: Елубаева Ақмарал
  • Айтан Данила – Облыстық «Абай оқулары» байқауының ІІІ орын иегері. Жетекшісі: Ғұбайдолла Махаббат
  • Ғалымжан Аружан – Облыстық «Мұқағали оқулары» байқауының І орын иегері. Жетекшісі: Елубаева Ақмарал
  • Айтан Ерболат – Облыстық «Мағжан» оқулары байқауының жүлдегері. Жетекшісі: Елубаева Ақмарал
  • Тосынбайқызы Көркем – Облыстық «Ілияс оқулары» байқауының жүлдегері. Жетекшісі: Қайырбекова Қызылгүл
  • Амандық Төлеген – Облыстық «Зерде» ғылыми жоба байқауының үшінші орын иегері. Жетекшісі: Серікбаева Асем
  • Серік Перизат – Облыстық «Зерде» ғылыми жоба байқауының үшінші орын иегері. Жетекшісі: Қапанова Роза
  • Бақыт Наргиз – Облыстық, халықаралық ғылыми жоба байқауының жүлдегері. Жетекшісі: Дәрмен Думан
  • Мырзатайқызы Арайлым – Облыстық «Ақберен» өнер байқауының ІІІ орын иегері. Жетекшісі: Серікбаева Асем
  • Қарағұл Айназ – Облыстық «Ақберен» өнер байқауының ІІ орын иегері. Жетекшісі: Есекеева Айгерим
  • Кәдірбек Мөлдір, Кәдірбек Аруна – Облыстық, халықаралық ғылыми жоба байқауының жүлдегері. Жетекші: Әмірғалиева Томирис Нығыметқызы
  • Тәжиева Гүлім – Облыстық «Сөз маржаны» байқауының ІІ орын иегері. Жетекшісі: Сейдахметова Айнұр
  • Орманбек Диана Қанатбекқызы – Халықаралық IELTS тестінен жоғары нәтиже көрсетті. Жетекшісі: Әмірхан Ақбота
  • Бурабай Мадина – «Айқанат» олимпиадасының облыстық кезеңінің бірінші орын иегері
  • Қылышбек Мерей – «Айқанат» олимпиадасының облыстық кезеңінің бірінші орын иегері
  • Әбдірәсіл Айсұлтан – Облыстық ғылыми жоба байқауынан (НИШ) үшінші орын. Жетекшісі: Жауымбаева Гүлбаршын
  • Жетпісбай Айсара – Облыстық ғылыми жоба байқауынан екінші орын. Жетекшісі: Қосылбаева Нұргүл
  • Самат Кәусар – Облыстық ғылыми жоба байқауынан үшінші орын. Жетекшісі: Қултанов Жеңіс Габдулмаликович
  • Амантай Айзере – Халықаралық «INGENIOUS PROJECT - 2024» атты жобалар конкурсынан жүлделі ІІІ орын иегері. Жетекшісі: Есекеева Айгерим
  • Ахан Берік Жанболатұлы – Облыстық «Алтын сақа» олимпиадасынан екінші орын. Жетекшісі: Нурмағамбетова Айымторы
  • Төлеухан Айсұлтан
  • Бейсенбі Арлан – Облыстық «Атажұрт» олимпиадасынан екінші орын. Жетекшісі: Есенбаева Камшат
  • Серік Дильназ – Облыстық «Менің кіші Отаным Қазақстан» байқауында үшінші орын. Жетекшісі: Сапенов Қанат
  • Есімхан Ақбота – Облыстық «Наурыз Арт» суретшілер байқауынан бірінші орын. Жетекшісі: Қапанова Роза
  • Мұқан Мадина – Облыстық «Абай оқулары» байқауының «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша І орын иегері. Жетекшісі: Бекетова Елугүл
  • Қосылбек Айша – Облыстық «Өзін-басқару» ұйымының көшбасшылары байқауының І орын иегері. Жетекшісі: Бекетова Елугүл
Үлкейтілген сурет